Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 сәуірде "Әл-Фараби" орденін құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда – "Al-Farabi" ордені ресми түрде бекітілді.
Үкіметке: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік наградалар туралы" заңына тиісті толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету; Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне "Әл-Фараби" орденінің эскизін әзірлеу міндеті жүктелді. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұл награда ғылым, білім, мәдениет және рухани даму салаларында елеулі жетістікке жеткен азаматтарға табысталады.
Мақаламен бөлісу:
Тегтер: #Астана, #Қазақстан, #Тоқаев Касым-Жомарт, #Әл-Фараби