«Жастар Үні» РҚБ халықтың саяси мәдениетін арттыру жобасын сәтті аяқтады
05.09.2026 13:43

«Жастар Үні» РҚБ халықтың саяси мәдениетін арттыру жобасын сәтті аяқтады

«Жастар Үні» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылған «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын толығымен аяқтады.

Жоба шеңберінде форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, кездесулер, байқаулар мен фестивальдер сияқты ауқымды іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.

Жоба қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын шығармашылық есеп, фото-бейне материалдар, 10 минуттық бейнеролик және БАҚ-тағы жарияланымдар жинағы дайындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткізілген шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, Алматы тұрғындарының саяси-құқықтық санасын арттыруға өз үлесін қосты.

Тегтер: #Алматы, #Жастар үні, #ішкі саясат


Бізге жазылыңыз