Алматының 8 ауданында азаматтық белсенділерге арналған оқыту семинарлары өтті
04.09.2026 13:16

Алматының 8 ауданында азаматтық белсенділерге арналған оқыту семинарлары өтті

«Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасы шеңберінде Алматы қаласының сегіз ауданында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

 

Шараға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, ПӘК/МҮБ төрағалары және белсенді тұрғындар қатысты. Жалпы жиынмен 240-тан астам азамат қамтылып, әр ауданда кем дегенде 30 адамнан оқытудан өтті.

Семинарлар барысында қала дамуының өзекті мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару механизмдері және құқықтық сауаттылық тақырыптары кеңінен талқыланды. Қатысушылар үшін арнайы кофе-брейктер ұйымдастырылып, еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік жасалды. «Жастар Үні» РҚБ өткізген бұл кездесулер тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізді.

 

Тегтер: #Алматы, #Жастар үні


Бізге жазылыңыз