Мемлекеттік қызметшілерге арналған заманауи басқару және коммуникация курстары аяқталды
03.09.2026 13:33

Мемлекеттік қызметшілерге арналған заманауи басқару және коммуникация курстары аяқталды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламасы аяқталды

Оқу курсы басқару, жоспарлау, халықпен байланыс орнату және жергілікті бюджетпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған 8 кезеңді оқытуды қамтыды. Курс барысында мемлекеттік қызметтегі заманауи басқару әдістері мен тиімді технологиялар енгізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне халықпен сындарлы диалог құру және коммуникация негіздері бойынша білікті сарапшылар мен тренерлердің қатысуымен 4 сағаттық оқыту тренингтері өткізілді. Бұл шаралар мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттырып, халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған.

Тегтер: #Алматы, #ішкі саясат


Бізге жазылыңыз