Алматыда халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды жоба аяқталды
03.09.2026 13:13

Алматыда халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды жоба аяқталды

Алматы қаласында «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы сәтті қорытындыланды

Аталған ауқымды бастама Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен және «Жастар Үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаның басты мақсаты — қала тұрғындарының саяси сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділікті дамыту және жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар арасында ашық диалог алаңын құру.

Жоба аясында шаһар тұрғындары мен жастар арасында пікірталастар, түсіндіру кездесулері мен сарапшылық сессиялар топтамасы өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесін түсінуіне және өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек ұғынуына зор ықпал етеді.

Тегтер: #Алматы, #Жастар үні


Бізге жазылыңыз