Азаматтық белсенділік — өркениетті қоғам негізі: Алматыда сарапшылар бас қосты
04.09.2026 13:41

Азаматтық белсенділік — өркениетті қоғам негізі: Алматыда сарапшылар бас қосты

Алматы қаласында халықтың саяси мәдениетін дамыту мәселелеріне арналған сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел мен форум өтті.

Шараның басты идеясы — тұрғындардың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық бақылау институттарын дамыту болды.

Жиналысқа қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, заңгерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Сарапшылар халықпен кері байланыс орнатудың заманауи механизмдерін талқылап, саяси мәдениетті қалыптастыру еліміздің демократиялық дамуының негізгі кепілі екенін ерекше атап өтті.

Тегтер: #Алматы, #ішкі саясат


Бізге жазылыңыз