Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық пен Сауран көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 28 маусым сағат 09:00-ден 29 маусым сағат 02:00-ге дейін бұл учаске ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Тегтер: #Астана, #жөндеу жұмысы