Астанада А. Кравцов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
28.06.2026 20:15

Астанада А. Кравцов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада 29 маусым мен 5 шілде аралығында А. Кравцов көшесінің Таха Хусейн көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Тегтер: #Астана, #жөндеу жұмысы


Бізге жазылыңыз