Астанада Мемлекеттік рәміздер күнінде патриоттық шеру өтті
04.06.2026 23:58

Астанада Мемлекеттік рәміздер күнінде патриоттық шеру өтті

Астанада ҚР Ұлттық ұлан оркестрі Мемлекеттік рәміздер күнінде патриоттық шеру өткізді. Музыкалық шеру барысында оркестр ұжымы патриоттық шығармаларды орындап, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Шеру «Атырау» көпірінен басталып, Есіл өзенінің жағалауымен Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасты.

Ұлттық ұланның оркестрі заманауи әндерді әртүрлі аспаптарда орындады. Оркестр ұжымының іс-шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады. Өткен жылы да осындай іс-шара өткізіп, Республика даңғылындағы үйлердің қасбетін Мемлекеттік тумен безендірген болатынбыз.

Мұның бәрі – қала тұрғындарына көңіл күй сыйлау мақсатында жасалып жатқан игі іс», – деді Сарыарқа ауданының баспасөз хатшысы Балмира Берікқызы.
Мерекелік шара Кенесары хан ескерткішінің алдында жалғасын тапты.

«Ұлттық ұлан оркестрінің бүгінгі шеруі қатты ұнады. Қала тұрғыны ретінде ұйымдастырушыларға, Сарыарқа ауданы әкімшілігіне алғыс айтқым келеді. Жыл сайын осындай игі істер жасалап жатқанына қуаныштымыз. Отбасымызбен бүгінгі кешті тамашалауға келіп тұрмыз. Балалардың да көңілі көтеріңкі, - деп ағынан жарылды қала тұрғыны Баубек Қажиев.

Тегтер: #Астана, #шеру, #Мемлекеттік рәміздер


Бізге жазылыңыз