Астанада Медицина қызметкерлері күніне арналған жаппай жүгіру іс-шарасы өтті
19.06.2026 23:01

Астанада Медицина қызметкерлері күніне арналған жаппай жүгіру іс-шарасы өтті

Елордадағы Триатлон паркінде Медицина қызметкерлері күніне арналған жаппай жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық іс-шараға медициналық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, профильдік оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және халық денсаулығын сақтауға күн сайын үлес қосып жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегіне алғыс білдіру.

Қатысушылар белгіленген қашықтықты ерекше көңіл күйде еңсерді. Жарыс басталар алдында қатысушыларға арнайы дене қыздыру жаттығулары өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтуға, тұрғындарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандыруға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және қызметтеріне табыс тіледі.

Тегтер: #Астана, #медицина, #жаппай жүгіру


Бізге жазылыңыз