Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында елорда аумағындағы су айдындарында профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ азаматтарға арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтыны және балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынатыны ескертілді.
Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Мейіржан Есенбековтің айтуынша, судағы оқиғалардың басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болады.
«Тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуы керек, қалқыма белгілерден аспауы тиіс, алкогольдік мас күйде суға түспеуі қажет және демалыс кезінде балаларды үнемі назарда ұстауы қажет», – деді ол.
Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Бүркітбай Финишеннің айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыс шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
«Азаматтардың қауіпсіздігі – негізгі басымдық. Тұрақты рейдтер су айдындарындағы тәртіпті еске салып, ықтимал оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деді ол.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Тегтер: #Елорда жағажайлары, #Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті