Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырды

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқарту керегін айтты.

"Бұл шара ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған. Демеушілердің қаржысына болсын көп концерт жасап, шетелден әртіс алып келудің қажеті жоқ. Менің ойымша, шараларды іскерлік форматта өткізу керек. Сіз әкімдердің арасындағы тәжірибелі мамансыз, сондықтан Абайдың 175 жылдығы аясында өтетін іс-шараларды дұрыс бақылауыңыз керек", - деді Тоқаев ШҚО әкіміне.

Президент шаралар практикалық бағытта, идеологиялық жүктеме бойынша өтуі керегін айтты.

"Осы секілді іс-шаралар осындай көзқараста өтуі керек", - деді Мемлекет басшысы. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated