Президент Алматы облысы әкіміне: облысқа ісспармен барып, тексеремін

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

"Стратегиялық тұрғыда маңызды, белсенді, нәтижелі жұмыс жүріп жатыр. Көріп отырмыз. Сұрағым бар - газдандыру. Менің мәліметтерім бойынша, бүгінде 470 елді мекеннің 30 пайызына ғана газ берілген. Проблема неде?", - деді Президент әкімге үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Баталов қызметке кіріскен кезінде газдандыру деңгейі 9-11 пайыз көлемінде ғана болғанын айтты.

"Алматыдан Талдықорғанға дейінгі 254 шақырымды қамтитын магистраль газ құбыры тоқтап қалған еді, Үкіметтің көмегімен оны аяқтадық. Кейін өз қажаратымызға Текеліге дейін магистраль газ құбырын жүргіздік. Қазір Талдықорғаннан Үшаралға қарай жұмыс істеп жатырмыз, жолай екі ауданды да қамтимыз. Егер газы бар елді мекендердің санын есептейтін болсақ, биыл 1,4 миллион адамға газ жеткіземіз. Бұл дегеніміз, облыс тұрғындарының 56 пайызы газбен қамтамасыз етіледі", - деді әкім. 

"Жылдың екінші жартысында облысқа ісспармен барып, тексеремін", - деп ескертті Тоқаев. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated