Семсерлесу: Париж Олимпиадасының 4 лицензиясы бұйырды

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Aqnews.kz

Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Парижде өнер көрсетуге мүмкіндік алған Ұлттық құрама мүшелері:

Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов.

Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұған 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшылары Чехиядан жеңілуі арқасында мүмкін болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.

Қанат Байұзақов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated