Эссені Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы,бақыты.Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанның сенімді тірегі».Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда көптеген заңдылықтарға сыймайтын жат қылықтар көптеп кездеседі.Елбасымыздың “Қазақстан -2030” жолдауының төртінші тарауында “жат қылықтарға қарсы күрес және темекі мен ішімдікті қысқарту,денсаулықты жақсату” деп көрсетілген.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі » деп тегін айтылмаса керек.Бірінші байлық –денсаулық дейміз.Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп,түсінбейтін секілдіміз.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алға егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан университеттерінде  жан-жақты дамыған,денсаулығы мықты,салауаты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.

Қәзіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда.Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу көрсетілген.Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.

Өмірге келген адам,адамша өмір сүруі тиіс.Адамша өмір сүру деген-сөздің     астарына тоқталайық. Біреудің қарғысына қалмай,алғысын алу.Алланың ақ жолына бет бұру.Құдай сені жаратты,Құран саған жол көрсетті.Сол жолдың бір тармағында салауатты өмір сүруге шақырды.Адамзаттың өзге зат атаулыдан ерекшелігі:оның сөйлеген сөзінде,еткен ісінде.Таза жүріп іс етсек,таза сөйлеп ортаға кірсек өмірдегі өз орнымызға кірпіші болып қаланарымыз сөзсіз!

Меніңше, салауатты өмір сүру,сүрмеу адамның өзіне байланысты.Еңбек адамды шыңдайды.Өмірін ұзайтып,көріктендіреді.Менің ойымша,сұлу адам-еңбекті сүйетін,салауатты өмірді насихаттайтын адам.

Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын неге жол іздемеске! Әрбір адам алдына мақсат қояды,сол мақсатқа жету жолында тер төгеді.

Мақсатқа жету үшін еңбек керек,

Еңбек етуге денсаулық керек.

Бірінші байлық-денсаулық,екінші

Байлық-ақ жаулық,

Байлықтың керегі не,басың сыздап ауырса?!

Күн жарқырап шыққанда,көзі көрмей жаңылса!

Ұзақ өмір сүргің келсе,жер басын көп

Жүргің келсе-денсаулығыңды күт,

Ол өзіңнің қолыңда!

Шынығып шымыр болып,спортты сүй,

Үлкенге көрсет құрмет,басыңды и!

Салауатты өмір сүріп жүргің келсе.

Орынсыз ішіп-жеуден аузыңды тый!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated