Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жеңіл атлетикадан қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қазақстан» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2013-2017 жылы туған 150-ден астам жас спортшысы бас қосты.
Қатысушылар әртүрлі дисциплина бойынша сынға түсіп, өздерінің дайындығын, жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
«Біз үшін балалардың бақыты бәрінен жоғары. Бұл чемпионат – олардың денсаулығы, қуанышы мен дамуына арналған мереке. Балалардың қамқорлықта, сүйіспеншілік пен қауіпсіз ортада өсуі маңызды. Ал спорт олардың мықты әрі өзіне сенімді болып қалыптасуына көмектеседі», – деді жаттықтырушы Райана Амангелді.
Жарыс спорттық мереке, әділ бәсеке және ерекше көңіл күйде өтті.
Тегтер: #Астана, #Жеңіл атлет, #Қалалық чемпионат