Астанада алғаш рет 28-31 мамыр аралығында бір мезетте Fédération Équestre Internationale (FEI) аясындағы үш халықаралық турнир өтеді: FEI Әлем кубогының кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және CDI1*/CDI3* халықаралық жарыстары. Бұл турнирлер 2026 жылы Германияның Аахен қаласында өтетін FEI әлем чемпионатына іріктеу кезеңі саналады және қазақстандық спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алғаш рет қазақстандық спортшылар халықаралық рейтингтік ұпайларды елден шықпай-ақ жинай алады.
Жарыстарға қазақстандық шабандоздармен қатар Бразилия, Колумбия, Үндістан, Марокко, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Мысыр, Эквадор, Ресей, Өзбекстан және өзге де елдердің өкілдері қатысады.
Бағдарламаға халықаралық деңгейдегі конкур мен ат үйрету жарыстары енген. Ал Әлем кубогы кезеңінің басты бәсекесінде кедергілер биіктігі 160 сантиметрге дейін жететін Гран-при өтеді.
FEI аясындағы бірден үш турнирдің ұйымдастырылуы Қазақстанның әлемдік ат спорты картасындағы орнын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Тегтер: #Астана, #ат спорты федерациясы