Алматы хайуанаттар бағы жағымды жаңалықпен бөлісті
24.04.2026 21:37

Алматы хайуанаттар бағы жағымды жаңалықпен бөлісті

Алматы зообағында туылған тянь-шань қоңыр аюының сүйкімді қонжықтарына есім берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 24 сәуірде бақтың Instagram парақшасындағы жазбадан белгілі болды.

"Қуанышты жаңалық! Біздің зообағымызда дүниеге келген тянь-шань қоңыр аюының сүйкімді қонжықтарына есім берілді! Бұл ерекше сәтке бірге атсалысқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз. Көпшіліктің таңдауы бойынша кішкентай достарымыздың есімдері: Аян және Дая",- деп мәлімдеді мамандар.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі қонжықтардың күн сайын өсіп, ойнап, айналасына жылу сыйлап жүргенін жеткізді.

"Олардың алғашқы қадамдары мен тәтті қылықтарын өз көздеріңізбен көргіңіз келсе — зообағымызға келіңіздер! Сіздерді және жақындарыңызды асыға күтеміз".Алматы хайуанаттар бағы

Тегтер: #Алматы, #Қазақстан


Бізге жазылыңыз