Турнир «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен, «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында өтті.
Балаларға тегін дәрілер, тегін екпе мен профилактикалық тексеріс. №36 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Өстемірқызы тегін медициналық көмекке байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
24 сәуір күні Алматы қалалық Қоғамдық Кеңесінің қатысуымен Алматы қаласындағы спорттық үйірмелердің балалар мен жасөспірімдерге қолжетімділігін бағалау бойынша қоғамдық тыңдалым өтті.
Аталмыш тақырып аясында 11 сәуір күні «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Қоғамдық сарапшы" эксперттер клубының кезекті жиыны өтті.