Серікжан Біләш
Серікжан Біләш сотта отыр. Нұр-Сұлтан, 6 маусым 2019 жыл. Фото: Azattyq.org

Серікжан Біләш кім?

Серікжан Біләш 1974 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Бұратола облысы, Жың ауданында дүниеге келген. Ол ең алғаш рет Қазақстанға 2000 жылдардың басында келіп, ықтиярхатпен жүрген. Қытай мен Қазақстан арасында тауар тасумен айналысып, тілмаш болған. 2011 жылы Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін атамекенінде тұрақтап қалған. Қазақ тілінен басқа ағылшын, түрік, ұйғыр және орыс тілдерін меңгерген.

Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген ол тіркелмеген "Атажұрт еріктілері" қоғамдық ұйымының жетекшісі. Аталған ұйым 2017 жылдың көктемінен бастап белсенділігімен қоғам назарына ілініп, Қытай билігінің аз ұлттарға қысым көрсетіп жатқаны туралы мәлімдемелер жасайды. Алматыда түрлі жиындар мен баспасөз мәслихатын өткізеді. Туған-туыстары мен жақындары Шыңжаңда арнайы лагерьлерде қамауда отырғандардан сұхбат алып, видеоларды Youtube және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жариялайды.

Оқиға неден басталды?

Серікжан Біләштің ұсталуына Алматыда 2019 жылғы 8 ақпанда өткен жиындардың бірінде белсендінің "азаматтарды "жиһадқа" - этникалық қытайларға қарсы соғысқа шақыруы" себеп болған. Оны полиция қызметкерлері 2019 жылғы 10 наурызда Алматыдағы қонақ үйден түнгі екі жарым шамасында ұстап, дереу ұшақпен Астанаға жеткізген.

Оқиғаға байланысты ұйым өкілі Қайрат Байтолла: Таңертең Серікжанның өзі бізге хабарласты. Әзербайжан, татар мәдени бірлестіктерінің жиынында сөйлеген сөзін біреулер бұрмалап, полицияға арызданған екен. Сол арыз негізінде ұстаған, - деген Азаттық Радиосына берген сұхбатынды.

Аталған факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда  жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісін бастайды.

Серікжан Біләшқа Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша (174-баптың 1-бөлігі) айып таққан. Бұл бап бойынша екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқиға  қалай өрбіді?

10 наурызда полиция тіркелмеген "Атажұрт еріктілері" ұйымының Алматыдағы кеңсесін тінтіп, компьютер, камера және өзге де заттарды тәркілеп алып кеткен және кеңсені жауып тастаған (2 сәуірде қайта ашылды).

10 наурыз күні түстен кейін "Атажұрт еріктілері" ұйымы Facebook-тағы парақшасында Серікжан Біләштің видеомәлімдемесін таратты. Онда ұйым жетекшісі өзінің Астана қалалық полиция департаментінде отырғанын, өзінен Баймағамбетов есімді тергеуші сұрақ-жауап алып жатқанын айтқан.

Маған "Ұлтаралық араздық тудырды" деген бап бойынша айып тағып отыр. Мен бұл айыппен келіспейтінімді айттым. Істің Астана емес, Алматыдан қаралуы туралы шағым түсіремін, - деп ол өзінің "ешқандай да қорлық-қысым көрмегенін" де жеткізеді.

11 наурызда Астана қалалық тергеу соты Серікжан Біләшті уақытша тергеу изоляторынан босатып, үйқамаққа алу туралы шешім шығарады. Сот шешіміне сай, Серікжан Біләш екі ай көлемінде Астанада болып, тергеуге келіп жүруі тиіс болады.

7 маусымда Астана қалалық мамандандырылған тергеу соты Серікжан Біләштің үйқамақ мерзімін 10 шілдеге дейін, яғни бір айға созу туралы шешім шығарады. Сот отырысына Біләш адвокаты Айман Омарова скайп арқылы қатысты.

Сот қалай өтті?

Төрт айдан бері Нұр-Сұлтанда үйқамақта отырған Серікжан Біләш ісі бойынша алдын ала сот отырысы 29 шілде таңертеңгі сағат 11-де басталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының судьясы Нұржан Мелдебаев Серікжан Біләштің ісін Алматы қаласындағы сот қарауына беруді сұраған адвокаттың өтінішін қанағаттанд ырды.Істі Алматы сотының қарауына беруге қарсы болмаған прокурор оны Әуезов аудандық сотына беруді ұсынды.

Сонымен тіркелмеген "Атажұрт еріктілері" қоғамдық ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ісі Алматы қаласындағы сот қарауына берілді.

Материал Azattyq.org, Abai.kz, Nur-sultan.prokuror.gov.kz сайттарының ақпараты бойынша әзірленді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated