Иллюстрация: Данияр Тәжімбет

Қандай жағдайда балаларға тегін дәрілер беріледі?  

Белгілі жастағы балаларға және белгілі ауруларына байланысты тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Тегін дәрі-дәрмектер балаларға республикалық және жергілікті қаржының есебінен беріледі.

5 жасқа дейінгі балаларға мынадай ауруларда тегін дәрі беріледі: жұтқыншақтың қабынуы, бронхит, тонзилит. Мынадай аурулармен ауырған 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі: пневмония, темір тапшылығы анемиясы.

Бюджеттік қаражат есебінен тегін дәрілерді төмендегі аурулармен диспансерлік есепте тұратын емделушілер де ала алады:

  • Қан ауруларының ауыр түрлері;
  • Онкологиялық қатерлі ісік аурулары;
  • Психикалық аурулар (психоздар немесе бала туғаннен кейінгі ауыр депрессия);
  • Бүйрек ауруларының ауыр түрлері;
  • Туа бітті жүрек аурулары;
  • Анасының іріңді-септикалық ауруларымен ауыруы;
  • Эндокриндік аурулардың ауыр түрлері;
  • Аллергиялық ауруардың ауыр түрлері;
  • Сүт азаюының бастапқы формасы;
  • ВИЧ/СПИД;
  • Туберкулездің ашық түрі;
  • Сүт жетіспеушілігі расталса;
  • Галактоземия;
  • Фенилкетонурия;
  • Кленовый сироп ауруы болса.

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін, ең бірінші емделуші тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеуде тұруы тиіс. Және диспансерлік есепке тұрып, учаскелік дәрігерге уақытымен қаралуы керек. Емделуші тек бұйрықпен бекітілген дәрі-дәрмектерді ғана тегін ала алады.

Қандай екпелер тегін салынады?   

Елімізде профилактикалық екпелердің  күнтізбесі бар. Осы күнтізбеге сай, кімге және қандай ауруларға қарсы екпе салу керектігі көрсетілген. Тізімдегі екпенің барлығы тегін салынады. Екпелердің басым көпішілігі 6 жасқа дейінгі балаларға салынады. Міндетті екпелердің қатарына полиомиелит, туберкулез, "В" гепатиті, көкжөтел, қызылша аурулары кіреді. Дәрігерлер мұндай екпелерден бас тартпауға кеңес береді.

Фото: qazaqtimes.com

Сондай-ақ, инфекциялардың табиғи ошақтарында (энцефалит, сібір жарасы, оба, т.б.) тұратын және жұмыс істейтіндерге, медицина қызметкерлеріне, кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлеріне екпе тегін салынады. Қан құйылған адамдар, кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар да екпені тегін салдыра алады.

Тегін профилактикалық тексерістерден кімдер өте алады?

1 жасқа дейінгі балаларға күзгі-қысқы кезеңінде ргокальциферол, ауыз арқылы қолданылатын ерітіндімен, ішуге арналған майлы ерітіндімен; колекальциферол, сулы ерітіндімен мешелдің алдын алу сынды профилактикалар жүргізіледі.

Ал 30-70 жас аралығындағы азаматтар қан айналымы жүйесі, қант диабеті, глаукома және қатерлі ісіктің алты түрінен сынды бірнеше аурулар бойынша тегін профилактикалық, скринингтен тексерістен өте алады.

Тегін тексерістерден әр 2-5 жылға дейін өтіп тұруға болады. Тексерістен өту жиілігі азаматтың жасына және денсаулығына байланысты жүргізіліп отырады.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз емделу 

Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз емделуге болады. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді ел азаматтары, оралмандар мен Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдіктер пайдалана алады. 

Шұғыл көмек пен мемлекет тарапынан реттеуді талап ететін саланың бәрі ТМККК пакеті есебінен жүзеге асырылады. Ал кепілдік берілген тегін көмекке кірмейтін қосымша қызметтер МӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі.

Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады. ТМККК-ге кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі.

ТМККК жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:

Барша азаматтарға

  • Жедел жәрдем және санитарлық авиация;
  • Бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
  • Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек;
  • Паллиативті көмек;

Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде

  • Консультативті-диагностикалық қызмет;
  • Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;
  • Туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту.

МӘМС (сақтандырылғандарға арналған) жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне

  • Консультативтік-диагностикалық көмек;
  • Ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу;
  • Балаларды мамандандырылған деңгейде тексеру;
  • Бағасы қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР;
  • Бағасы қымбат диагностикалық қызметтер: КТ, МРТ т.б.
  • Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту жатады.

4 пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated