Zhas Projeсt: «Білімді ұрпақ – көшбасшы» жобасы сәтті өтуде Жастарға арналған бірегей бағдарлама  – Zhas Projeсt жобасы арқылы берілген мүмкіндіктер, оның жүзеге асуына септігін тигізіп жатыр. Оған дәлел аталған бағдарлама аясында Алматы қаласында «Білімді ұрпақ – көшбасшы» атты жоба ашылды.

Spread the love

Жобаның мақсаты - көпбалалы отбасынан шыққан жандарды, қатысқысы келетін мектеп оқушылары мен ЖОО-ның студенттерін қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, тарих, математика, физика, психология және пікір-сайыс негізінде сабақтар беру, білім үйрету.

Жоба аясында жобаны жүргізуші тарап қатысушыларға барлық жағдайды қарастырып: оқытуға арналған оқулықтар, дерек қорларын көруге мүмкіндік беретін ноутбуктар мен есеп шығаруға негізделген тақталар сатып алды.

Қазіргі таңда «Білімді ұрпақ – көшбасшы» жобасы қарқынды жұмыс істеп, сенбі және жексенбі күндері өтіп жатқан сабақтарға оқушылар үздіксіз қатысуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated