Тоқаев: Лаңкестердің елордаға соққы жасағысы келген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында лаңкестер тәртіп күштерін өзіне тартып, Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келгенін айтты.

"Бір уақытта 11 өңірде көтеріліс болды. Бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды. Бұл біздің ірі қалаларымыздың бірі, қаржы орталығы екенін білесіздер. Маңызды көлік және коммуникация желілері осында. Бұл қаланың құлауы бүкіл оңтүстікті, кейін елді басып алуға жол ашар еді.

Лаңкестер құқық күштерін өзіне тартуға үміттеніп, кейін елордаға соққы жасағысы келген. Біз президент резиденциясына содырлар жиналғанын көрдік. Бұл - шын мәнінде, әртүрлі жолмен ұйымдастырылған мемлекетке қарсы террористік соғыс", - деді Тоқаев сессияда.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated