Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады.
"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын," – делінген Президенттің 8 қаңтарда шығарған өкімінде.
Aqnews.kz