Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Aqnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады.
Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.