«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешеніне онлайн тіркелуге болады

Енді «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешеніне астаналықтар арнайы онлайн платформа арқылы тіркеле алады, деп хабарлады Aqnews.kz

2022 жылдың 25 қазанында Республика күніне орай ашылған «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені толығымен 2023 жылдың жазынан бастап жұмыс істей бастады. Ендігі таңда бұл кешен кезекті даму сатысына көтеріліп, астаналық тұрғындар 1 сәуірден бастап birge.astana.kz платформасында онлайн тіркеле алады.

Бұл жайлы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Аманжол Хасенов БАҚ өкілдерімен өткізген кездесуі барысында кеңірек айтып берді:

Енді қызмет алушы өзі таңдаған қызмет түрлеріне алдын ала тапсырыс беріп, үш жұмыс күні ішінде «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені тарапынан жауап алады. Жауап не оның ұялы телефонына қысқа хабар ретінде немесе электрондық поштасына хабарлама алады.

Бұл платформа бір жағынан тұрғындарға ыңғайлы болса, екінші жағынан қызмет көрсету процесі ашық көрінеді, яғни жемқорлыққа қарсы құрамның болмауын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушы келесідей қызмет түрлеріне тапсырыс беруі үшін осы платформаны пайдалана алады:

1. Иппотерапия / атпен емдік сауықтыру;

2. Балалар мен жасөспірімдерді олимпиадалық және ұлттық ат спортына баулу;

3. Жеке және топтық атқа міну;

4. Ат орынды жалға беру.

Тек спорт кешені ішінде емес, сыртта да жүру мүмкіндігі ауа райының қолайлығы үшін мамыр айынан бастап жүзеге асады.

Біздің кешен мемлекеттік мекеме болғандықтан, ресми 5 күн жұмыс істеуі тиіс. Алайда сенбі, жексенбі күндері азаматтардың сұранысы болғандықтан, кезекші бапкер, инструкторлар қызмет көрсетеді. Осы орайда қызметкердің мүддесі қорғалып, артық жұмыс істемеу қағидасы ескерілді, - деді ол.

Қазіргі уақытта спорт кешенінде 70-тей бала және 20 ересек азамат тұрақты түрде атқа мінуге келеді. Ал мүмкіндігі шектеулі контингент үшін иппотерапия әдісінде 30-ға жуық бала жаттығады.

Жиын барысында «Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы орынбасарының м.а. Азамат Ағзамов та өз ойын ортаға салды:

«Арғымақтың» негізгі байлығы – бұл кез келген деңгейдегі ат спорты бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін спорт ғимараттары. Алдағы уақытта Астанада пара конкур бойынша республикалық деңгейде жарысты өткізу көзделуде. Мұндай жарыстар Өскемен, Атырау, Алматы қалаларында ұйымдастырылды. Дегенмен, Астана үшін бұл бірінші және ерекше жайт болмақ.

Онлайн платформаның қосылуы арқасында тұрғындар кездейсоқ уақытта келуі азаяды. Яғни, осыған дейін осындай қолайсыздықтар бапкер мен инструкторлардың тиісті жұмыс уақытынан ұзақ уақыт қызмет атқаруына тура келген еді. Енді бұл жүйе олардың уақыттары мен күндерін ыңғайлы етуге тікелей әсерін тигізбек.

Спорт кешенімен байланыс бойынша қалалық 24-83-71 және 24-83-69 нөміріне хабарласуға болады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated