Өткен жылы елімізде зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел қайтыс болды

Былтыр тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа салдарынан 69 әйел көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Aqnews.kz

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Динара Зәкиева қазір қоғамдағы өзекті мәселенің бірі отбасындағы зорлық-зомбылық және балаларға қарсы жасалған қылмыстар екенін айтты.

«Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 99 мың өтініш түсті. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалды, тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жазаны күшейту жобасын мақұлдаған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated