Бұл мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі, - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым. Жария болған деректердің көбі 20 ғасырдың алғашқы жартысына жатады.
Оларды жаңартып, цифрландыру қажет. "Бастысы ғылыми айналымға енуі керек", - дейді депутат. Оның пікірінше, бізде әлемдік деңгейдегі электронды портал болуы керек.
Бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаржы бөлінген.
"Осы совет үкіметіне қарсы көтерілстер болды. Дүмпулер және басқалары болды. Осыған қатысқан азаматтар қазір толыққанды ақталып жатыр. Сол сияқты категориялар бар. Кезінде қуғындалған азаматтар бар. Басқа дегендей. Заңды, заңсыз тұрғыда. Осылардың барлығы санат ретінде ақталып жатыр.", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым телеарнаға берген сұхбатында.