Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

Бірінші байлық~денсаулық дейміз.Бірақ осы сөздің мағынасын түсінбей, дәйегіне жетпейміз.Өзімізге~өзіміз қиямет жасаймыз.Қазіргі кезде көптеген жас өспірімдер артық салмақтан зардап шегуде. Дұрыс тамақтанбау, тез даярланатын тағамдар барлығы денсаулыққа кері әсер тигузіде . Көптеген қыз , келіншіктер темекі шегіп, есірткі қабылдайды. Осы қылықтарын сән көреді және суретке түсіп әлеуметтік желілер арқылы таратады. Өздерінің болашақ ана, отбасының ұйытқысы екенін ұмытып кетеді. Ер азаматтарымызда ішімдікке салынып, неше түрлі қылмыстарға баруда. Бес минуттық қызықтары үшін ар~намыстарын айрандай төгуде. Кейін Спид, Вич деген жұқпалы аурулармен ауырып, бала сүю, әке болудан қалады.

« Тәннен жан артық еді» - дейді Абай атамыз. Қазіргі кезде қоғамның әсерінен бе ?

Көп адамдар өздерінің тән азығын, жан азығынан жоғары қояды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50% өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты . Бұрынғы заманда біздің ата-бабамыз өте мықты болған.

«Тепсе темір үзеді» деп,- бекер айтпаған. Ішкендері қымыз, шұбат, жегендері ет болған . Әр дайым өздерін шынықтырып, аттын қүлағында ойнаған. Біз болашақты ойлауымыз керек. Әр адам өз істеріне жауапкершіліккпен қарау керек деп ойлаймын.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа денгейін көтеру , интеллект өрісін биіктету,  рухынды шыңдау- бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Келер ұрпаққа денсаулықты қалай сақтау керектігін түсіндіруіміз керек. Сондықтан мектептер де және жоғарғы оқу орындарында спорттық үйірмелерді көбейту керек. Жан жақты жарнамалар беріп, салауатты өмір салтқа адамдарды баулу қажет. Құрбы~құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі адамдардың өзі . Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік , табаңдылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек . Бодашағымыз  нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып бодашағымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық , Спид , ішімдік , темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Ей, достарым алға,

Ұмтылмайық бірге,

Болашаққа самға,

Денсаулықты ойла,

Ішімдікті ішпе,

Темекіні шекпе,

Ұрпағынды ойла,

Денсаулықты сақта!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated