Жанболат Жайылханұлы

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі –дəлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауаттыөмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тəнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды? Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мəңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер.

«Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Əр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз. Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың – жаны сау. Əрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мəдениетінің қаншалықты дəрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты  арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мəселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі. Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал. Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. Адамға денсаулықтан не бар қымбат, Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар əсерін тигізетін зиянды нəрселер де баршылық. Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта əлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі жəне наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері əсерін тигізуде. Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі асу, көзі ашық əрбір азаматтың борышы. Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нəрсеге ғашық бол, бес нəрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың əскерлі сөз мəйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек. Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,Үшеуімен бақытты болады өмір,-  дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мəнді де, сəнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі. Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тəні сау ұрпақ, саған аманат еткен тəуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сəт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызғабайланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухыкүшті болғаны абзал!

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат əдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларғане жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткіл заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына  таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мəдени көпшілік орындарына баруды əдетке айналдыр дер едім.

Еңбек адамды тəрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тəртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ. Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Əрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады. Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кəсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға жəне нығайтуға  арналған үйлескен іс-қимыл əрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды жəне салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated