Тәуелсіз Қазақстанның 10 премьер-министрі: олар кімдер?

Айта кетейік, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі аралықта 11 рет премьер-министр тағайындалған. Оның ішінде Кәрім Мәсімов екі рет бұл қызметке сайланған.

Фото: rus.azattyq.org

Сергей Александрович Терещенко - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. 1991-1994 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін атқарған. Ол Ресейдің Лесозаводск қаласында дүниеге келген.

Фото: datnews.info

Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин - Қазақстанның Премьер-Министрі қызметін 1994-1997 жылдар  аралығында атқарған. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Георгиевка (Қалбатау) ауылында дүниеге келген.

Фото: alashainasy.kz

Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев (1947 - 2015 ж) Атырау  қаласында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде 1997-1999 жылдар аралығында болған.

Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның бүгінгі президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін 1999-2002 жылдар аралығында атқарған.

Фото ашық дереккөзден алынды

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының бесінші Премьер-Министрі. Ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін 2002-2003 жылдар аралығында атқарған.

Фото ашық дереккөзден алынды

Даниал Кенжетайұлы Ахметов Павлодар қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысының әкімі, саяси қайраткер, экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан              Республикасының Премьер-Министрі қызметін 2003-2007 жылдар аралығында атқарған.

Фото: astana.gov.kz

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде 2007-2012 және 2014-2016 жылдар аралығында болған.

Фото ашық дереккөзден алынды

Серік Нығметұлы Ахметов Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының сегізінші Премьер-Министрі. Үкімет басшылығында Серік Нығметұлы 2012-2014 жылдар аралығында отырған.

Фото ашық дереккөзден алынды

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде 2016-2019 жылдар аралығында болды.

Фото: Total.kz

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ басқарды, Астана әкімі және көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. Бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Ол 25.02.2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated