Жексенбаева Анель
Spread the love

Жастар ендігі елдің болашағы, тәуелсіз елдің мақтаныштары болу керек. Әр азамат өз еліне талмай еңбек етсе,онда...

Тоқтаңыз! Сіз бір уақыт көзіңізді жұмып,жастар сөзін естігенде ең бірінші көз алдыңызға  не елестейді?Соны бір сәтке ойлап көріңізші.Ал егер менің ойымды сұрасаңыз,менің көз алдыма жастар сөзі естілгенде ең алдымен қолын жүрек тұсына қойып тұрып, ән ұранымызды шырқаған, көк туымызды көкке желбіретіп, жалындаған қайсар мінезді, күш- қуаты тасыған, спорт жағынан болсын басқа жағынан болсын жетістігі мол, ақылды, білімді жас ұрпақ елестейді. Міне енді менің ойымды білдіңіздер. Елбасы- Н.Ә.Назарбаев “2019 жылды Жастар жылы” деп жариялаған болатын.Осы тұста жастарға артылатын міндет те көп болмақ.Оны игеру үшін жас ұрпаққа алдымен сабырлылық, күш-қуат және ақылдылық қажет.

Күн сайын талмай еңбектену әрине жанға рахат сыйлайды. Бірақ та денсаулықты күтуді де ұмытпау керек. Салауатты өмір салтын ұстану ең тиімді жол.

Ата – бабамыз денсаулық ең бірінші орында тұру керек деген сөзді бекер айтпаған. Қандай жағдай болмасын денінің саулығы адам үшін маңызды болуы тиіс. Жастарғада айтарым сол. Ең алдымен денсаулығымызды күтіп, спортпен айналысып, таңғы серуенге неге шықпасқа?! Қазір шыны керек, жастардың өзі жұмысбасты болып кеткен. Жұмыс деп жүріп денсаулығымызды құртып алуымыз әбден мүмкін. Сол себепті мейлінше көбірек спортпен шұғылданған  жөн. Салауатты өмір салтын ұстанып, көбірек таза ауада серуендеңіз.Фитнеспен айналыссаңыз болады.Ал егер бар мәселе қаражатта болса, жай ғана таңғы жүгіруден бастаңыз және де қазір әр үйдің ауласында соған орай жағдай жасалған. Мысалға, әртүрлі жаттығу жасайтын орындар, тіпті десеңіз арнайы велосипед тебуге арналған жолдарда бар. Қазір мүмкіншіліктер көп, тек оны дұрыс жағынан пайдалану керек. Және оның ағзаға қалай пайдалы екенін білесіз бе? Жәй ғана жүгірсеңіз оның өзі қан айналымы  жақсартады.Иммунитетіңіз жақсарады. Жалпы, пайдасы көп.

Менің түсінігім бойынша, жасөспірім есейген сайын көп нәрсеге қызыға бастайды. Ол темекі, зиянды ішімдіктер болсын, адам оның дәмін татып көремін деп, соған тіпті, құмар болуыда мүмкін. Ол әр адамның ортасына,жанында жүрген достарына байланысты болуы ғажап емес.Көп жағдайларда достарының мәжбүрлеуінен туындайды.  Бұндай мәселеге менің шешімім,осы бұрында ата - бабамыз ешқандай жаттығу жасайтын орындарсыз, велосипедсіз де денсаулықтары мықты болған жоқ па?! Неге? Себебі, олар ешқандай денсаулыққа зиянды, кері әсер әсер тигізетін заттарды қолданбаған. Міне, егерде мына өсіп келе жатқан жас ұрпақ зиянды заттарды қолданбаса, денсаулығы мықты, болашағы жарқын жастар болады.

Спорт - денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан адам еш өкінбейді деп ойлаймын.Қазір бізде спортпен айналысатын жастарымыз жетерлік. Олар тіпті күн санап артып келеді .Мен өзім де арасында таңғы жүгіруге шығып, таза ауа жұтып,денемнің жаман әсерлерден тазарғанын жақсы көремін. Ол жақсы емес пе? Денеңді жаман энергиядан тазартасың, әр атқан күнің позитивке толы болады.Міне көрдіңіз бе! Бір жүгірудің өзі қаншама пайдасын тигізіп жатыр.Сізге де осы кеңестерімнің бір пайдасы тиеді деген ойдамын.Қазір жастар өзіне байланысты спорт түрімен айналысып, көк туымызды көкке желбіретіп жүр.Мұндай жастармен неге мақтанбасқа? Елдің  қорғап, Жер планетасында Қазақ деген ұлт бар екенін әлемге мойындатып жүрген жастардың болашағы биік.Оған мен толықтай сенемін! Себебі, жастардың болашағы жарқын.Осылай ұлттық мүддемізді сақтап, ел намысын қорғап жүрген жастардың артынан еретін ұрпақтар көп болсын!

Салауатты өмір салтына тек қана спортпен айналысу ғана емес, дұрыс тамақтануда жатады. Иммуниттетті түсіретін тағамдардан аулақ болыңыз! Денсаулықтың мықты болуыда соған байланысты.Ал, сіз, ішкі құрылысыңызды тамақпен тойдырмай, жан дүниеңізді рухани азықпен тамақтандырдыңыз ба? Жан тазалығы сізді кез келген қиын мәселеден құтқарады. Бұл көңіл-күйдің бұзылуы, жүйке жүйесінің нашарлауы, бұл денсаулыққа кері әсерін туғызады .Сондықтан,жан дүниеңіз рухани азыққа толы болсын!

Жастар-ел мақтанышы. Олардың әрқайсысы салауатты өмір салтын сақтауға міндетті. Себебі, олар ертеңгі Қазақ жерінің өркендеуін мақсат тұтатын, ынтымақтастықтың символы болып табылады. Салауатты өмір салтын сақтайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated