Ресей премьер-министрі Нұр-Сұлтанға келеді

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәліметінше, Мишустин Қазақстан астанасында жұмыс сапарымен 18-19 тамыз аралығында болады.

"Михаил Мишустин Қазақстан мремьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, Ресей премьер-министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі", - делінген ресми хабарламада.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.

Источник - Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated