Орталық Азияда электр қуаты ең қымбат ел – Қазақстан

 1,199 қаралым

Энергетика секторын зерттеуге арналған Cable.co.uk британ порталы әлемнің 230 еліндегі электр қуатының бағасын салыстырды.

Портал мәліметінше, Өзбекстанда 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,027 доллар немесе 295 сум тұрады. Өзбекстан рейтингте 7-орын алды.

Зерттеулерге сәйкес, Орталық Азия елдерінде ең арзан электр қуаты Қырғызстанда сатылады. Бұл елде 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,017 доллар тұрады. Қырғызстан рейтингте төртінші орында тұр. Алтыншы орынға Тәжікстан орналасты. Мұндағы баға – 0,023 доллар. Қазақстан 16-орында тұр. Республикада 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,039 доллардан сатылады.

Электр қуаты арзан үш мемлекет Африкада орналасқан – Ливия (0,007 доллар), Ангола (0,013 доллар) және Судан (0,014 доллар). Соломон Аралдарында (0,692 доллар), Әулие Елена аралында (0,612 доллара) және Вануатуда (0,591 доллар) электр қуаты қымбат екені анықталды.

Aqnews.kz

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған