Биліктің рухсыздығынан, сатқындығынан түңілдім...

Халық қаласа, аудан аты ауысады!

30 жыл бойы халық Павлодарды ауыстыр деді. Ауыстырмады.
30 жыл бойы халық Петропавлды ауыстыр деді. Ауыстырмады.
30 жыл бойы халық Степногорскты ауыстыр деді. Ауыстырмады.
Дәу ағаңмен іргелес жатқан дәу қалаларды ауыстыруға әлің келмейді екен делік.

Ешкіммен іргелес емес, қазақтың қақ ортасындағы, Алматының іргесіндегі кіп-кішкентай Ұйғыр ауданын ауыстыр дегелі де 30 жыл болды ғой! Осыны ауыстыруға дөтендерің шыдамаса, несіне президент болып, несіне министр болып, несіне әкім болып қопаңдап жүрсіңдер??
Дір-дір етіп көлеңкесінен қорыққан қорқақтар! Алақандай ауданның атын ауыстыруға духың жетпесе, атаңның басына билік, үкімет, мемлекет басында отырсың ба?

Сендердің әлдерің қазаққа ғана жетеді, осыған көзіміз жетті!..
Әлде елді Қасым билейді,
Қасымды мәсім билей ме?
Ақыры ұйғырға бір ауданның атын беріп, қайтара алмай жүрсіңдер ғой, 140 ұлтқа 140 ауданның атын берсеңдерші... Тутұғырларда да 140 елдің туы тұрсын...

О заман да бұ заман, Тәуелсіз ел өз қалауынша өз жеріне туын іле алмағаны, өз жерін өз қалауынша атай алмағаны не сұмдық??? Ар-ұят, намыстың, тым болмаса, жұрнағы бар ма өздеріңде?
Сөзім жоқ!

Мен бұрын Тәуелсіз елде көше, жер-су аттарын ауыстыру осыншалықты даулы мәселеге айналады деп ойламаған едім. Соңғы 10 жылда әр ұлттың астына бір төсеніш болған биліктің іс-әрекеттерінен қарапайым ғана ішкі саясатты шеше алмайтын, болмашы нәрсені осыншама күрделендіретін, әр ісімен халықты жамыратып шулатуды ғана білетін біліксіздігінен, жігерсіздігінен, рухсыздығынан, сатқындығынан түңілдім...

 Сәуле Әбілдаханқызының Фейсбуктегі парақшасынан 

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated