Наурыз мейрамын тойлау кезінде Бірінші несие бюросының сарапшылары еліміздің қанша тұрғынының осы мерекеге байланысты есім иеленгенін санап шықты. Бір қазақстандықтың Наурыз-Мейрам деген ерекше есімі бар, деп хабарлайды Aqnews.kz
«Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Наурыз мерекесінің құрметіне 1 472 адамға есім берілген» делінген хабарламада.
Сонымен еліміздің бірқатар азаматтары көктемнің басты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні құрметіне қойылған есімнің иесі, толығырақ айтсақ:
Наурызбек – 3206 адам;
Наурызбай – 2940 адам;
Наурызхан – 272 адам;
Наурызгүл – 241 адам;
Наурызжан – 51 адам;
Наурыз-Мейрам – 1 адам.
Сарапшылар барлығын Ұлттық статистика бюросының «Мен сияқтылар қанша?» қызметін пайдалана отырып зерттеуге қатысуға шақырады: есімді енгізіп, елде Сізбен аттас қанша адам бар екенін көруіңізге болады.