Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси жақын арада «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін. Aqnews.kz бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Хосеп Капдевиланың ақпаратынша, егер оның қазіргі командасы MLS лигасының плей-офф кезеңіне өте алмаса, “Барселона” “Интер Майамиге” ойыншыны жалға беру туралы ұсыныс жасайды. Егер «Интер Майами» плей-офф кезеңіне өте алмаса, Месси қазан айынан ақпанға дейін (жолдастық кездесулерді есептемегенде) жаттығусыз қалады.

Еске сала кетсек, Лионель Месси «Интер Майамидің” құрамында осы жылдың шілде айынан бері өнер көрсетіп келеді. 36 жастағы аргентиналық америкалық клуб сапында 12 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Месси, сондай-ақ, командасына тарихтағы алғашқы жүлдені жеңіп алуға көмектесті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated