Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста үшінші орын алды, деп хабарлайды Aqnews.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшылар сайыс барысында 663.7417 балл жинап, қола жүлдеге қол созды. Бірінші орынға Қытай (868.9676) ие болса, Жапония (831.2535) екінші орынға тұрақтады.
Бұл - қазақстандық спортшылар қол жеткізген 79-медаль. Қазірге дейін ел құрамасы жалпы командалық есепте 10 алтын, 21 күміс, 48 қоламен 11-ші орында тұр.