Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдаған
06.05.2026 23:28

Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдаған

Қазақстанда қар барысы тауға орнатылған фототұзақты зақымдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары мен инспекторлары ҚР Зоология институты мамандарымен бірлесіп, қар барысын зерттеу мақсатында далалық жұмыстар жүргізді.

Экспедиция барысында мамандар бұрын орнатылған фототұзақтарды тексеріп, жаңа фототұзақтар орнатты.

"Бұл құрылғылар – сирек кездесетін әрі аса сақ аңдардың тіршілігін бақылауда ең тиімді құралдардың бірі",- деп атап өтті мамандар.

 

Алайда, тексеру кезінде бұрын орнатылған фототұзақтардың бірін қар барысы зақымдағаны белгілі болды.

"Соның салдарынан құрылғы істен шығып, ішіндегі флеш-картадағы деректер сақталмай қалған".

Тегтер: #Шығыс Қазақстан, #қар барысы


Бізге жазылыңыз