Фото: Grunge

Бұл туралы Радио Sputnik хабарлады.

"Мен XXI ғасырдың прогресі мен мүмкіндіктеріне қауіп төндіріп жатқан "төрт қатерді" көріп тұрмын", – дейді Антониу Гутерреш. 

Бірінші қатер – жоғары геостратегиялық шиеленіс. Ол аталған шиеленістердің адамдардың кең ауқымда азап шегуіне, ядролық қауіптің артуына апара жатқанын жеткізді.

Екінші қатер – климаттық дағдарыс. Ол планетада атмосфераның орташа температурасы өсіп жатқанын, жануарлар мен өсімдіктердің миллиондаған түріне жойылу қаупі төніп тұрғанын еске салды.

Үшінші қатер – артып келе жатқан жаһандық сенімсіздік. Ол әлемде саяси мекемелерге деген сенімнің төмендеп жатқанын, адамдардың үштен екісі теңсіздік деңгейі өсіп келе жатқан елдерде тұратынын атап өтті.

Төртінші қатер – "цифрландыру әлемінің қараңғы жағы. Ол жаңа технологиялардың қылмыс жасау, араздықты қоздыру және жалған ақпарат тарату мақсатында қолданылып жатқанын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated