Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста қола алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста үшінші орын алды, деп хабарлайды Aqnews.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылар сайыс барысында 663.7417 балл жинап, қола жүлдеге қол созды. Бірінші орынға Қытай (868.9676) ие болса, Жапония (831.2535) екінші орынға тұрақтады.

Бұл - қазақстандық спортшылар қол жеткізген 79-медаль. Қазірге дейін ел құрамасы жалпы командалық есепте 10 алтын, 21 күміс, 48 қоламен  11-ші орында тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated