Біз жарық дүние есігін ашқаннан соң белгілі бір уақытқа дейін салауатты өмір салтын сақтай алмаймыз, бізге ата-анамыз қамқорлық көрсетеді. Яғни мектеп қабырғасын аттаған соң бізге салауатты өмір салтын қалай сақтау керегін үйретеді. Әрине, ең алдымен тазалықты ата-анамыз өзімізден бастауды үйреткен.

Ең қымбат дүние денсаулық оны сақтау, қадірлеу ең маңызды дүние болып саналады. Ал  денсаулық ақтың кілті болып табылатын ол тазалық, спорт дұрыс тамақтану,және жақсы көңіл күй. Осы дүниелер сақталғанда адам денсаулығы жақсы болады.

Салауатты өмір сүруді адам баласы өзіне міндет қылып алғанда ғана өз өмірінін 180 градус өзгеретіне сенуі керек. Сонымен қатар,бұл денсаулығының жақсаруына да себепші болады. Барлық жақсылықтың игі бастамасы болады,және тағы бір ескерер дүние салауатты өмір сүрудің ережелерін толыққанды орындау және қателеспей жүзеге асыру.

Салауатты өмір сүру ауыр, сырқауға тап болмай үнемі белсенді алдыңғы қатарларда жүруге әкеледі. Байқадыңыз ба бір бағытта ұстану арқылы қандай жақсы өмір сүруге жете алатыныңызды?

Бұның барлығына салауатты өмір сүріп және оны түпкілікті сақтауға әкеледі.Қоғамда кейбір адамдар өздерінің денсаулықтарына қаншалықты зиян екенін білседе; темекі, есірткі, ішімдіктер секілді тағы басқа зиянды заттарды пайдаланып ,өмірлеріне зиянды алып келеді. Елімізде салауатты өмір салтын ұстайтын азаматтар мен азаматшалар қазірде көбеюде.

Біздің қазақ елі, қазақ халқының қаны таза, кешеден бері келе жатқан біздің сусындарымыз қымыз, қымыран, айран, шұбат секілді ақтарымыздың арқасында біз өзімізді салыстырмалы түрде шетел азаматтарымен салыстырғанда-ақ көз жеткізуге болады. Атап айтар болсақ байырғы қазақ ержүректері бір малдың етін жеп сусынымен сусындаған болатын, бұл қазірде де бар. Неге шетел азаматтары қазақ елінің тағамдарына қызығады дейсіз? Себебі оларда бұндай таза өнім жоқ. Кейбір адамдар бұныда бағаламайды ау шіркін. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 63-65% ғана салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Жалпы денсаулығымыз мықты болу үшін біз күнделікті дұрыс тамақтану, зиянды әдептерден алшақ болу, жұқпалы аурулардың алдын алу, күйзеліс, кикілжіңді болдырмау, экологияның денсаулыққа әсері және тағы да басқаларына мән бару қажет.

Дені саудың - жаны сау дегендей. Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздейік азайын. Бәрі өз қолымызда. Бәрін кері қайтармасақта уақыт пен денсаулықты кері қайтара алмаймыз.

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев 2019 жылы жастар жылына көптеген мүмкіндіктер ашқан болатын. Соның бірі денсаулық жайлы да тоқтап кеткен болатын. Бір сөзінде: "Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек", - деп сөз қозғаған болатын. Әрине қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адамзат баласы үшін де денсаулықтан асқан не бар?

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов жастарды және ҚР салауатты өмір салтын сақтауға спортқа және табиғи тағылымдарға шақырған болатын. Ол үшінде көптеген жағдайлар жасалған болатын. Әр түрлі спорттық ойындар,жарыстар болып тұратын. Өз сөзімізге өзіміз қарсы шығамыз. Бірінші байлық денсаулық дейміз,бірақ осы сөздің салмағын ,жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де,мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады ,құлағымызға жағады. Келісіміз,содан соң өзіміз тағы жайылып жүре береміз.Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. «Жалған-ай» деп көкірегімізді қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

Мен өзім туралы қысқаша айтар болсам: спортқа жақын адаммын. Мектеп қабырғасын аттағалы баскетбол, гандвол ойындарының жүлдегері болғанмын. Сонымен қатар, отбасымыздағы артымнан ерген бауырларымда барлығы спортқа қатысады. Бұл біздің отбасымыз үшін әдетке айналған дәстүр .

Денсаулық - саулық кепілі! Өміріміз өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated