Алматы маңына құлаған ұшақ. 27 желтоқсан 2019 жыл.

Сонымен қатар, елімізде Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, барлық ойын-сауық шарасы кейінге қалдырылады.

27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшағы әуелі радардан жоғалып кетті. Кейін 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі мінген ұшақтың Алматы маңында апатқа ұшырағаны белгілі болды. "Ұшақ апатынан 15 адам қаза болды" деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апаты құрбандарының туыстарына көңіл айтып, оқиғаға кінәлілер қатаң жазаланатынын хабарлады. Кейін Bek Air компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болған барлық жолаушының аты-жөні жария болды.

"Жастар Үні" Жастар Қоғамдық Бірлестігі мен Arhar.kz редакциясы Bek Air әуеакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated