Денсаулық – ол өмір секілді. Уақытша, әрі сыйға берілген. Салауатты өмір салтын сақтап, оны нығайта түсу де , көңіл бөлмей құртып алу да – өз қолыңда. Бәрі өзіңнен басталады. Сондықтан да, айналаңды өзгертетін ниетің болса, өзгерісті өзіңнен бастағаның жөн.

Қоршаған ортамыз , ішкен асымыз, киген киіміміз, күнделікті өмірде тұтынған заттарымыз денсаулығымызға әсер етпей қоймайды. Қазіргі таңда жастарымыздың қолынан түспейтін ұялы телефондардың зияны ауыз толтырып айтатын тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бойды да , ойды да таза ұстау – денсаулық кепілі .

Бүгінгі таңда заман дамыған , өркениет қалыптасқан , медицина саласы жаңа деңгейге көтерілген .Денсаулығымызды үнемі бақылауда ұстауға , қалпына келтіруге нығайтуға мүмкіндіктер өте көп .Сол мүмкіндіктерді пайдалы жаққа жұмсап , ай сайын тексеріліп , денсаулығымызды қадағалап отырсақ , өзімізге істеген жақсылығымыздың ең бір шыңы сол болар еді.Жұмыс , оқу , қыдыру айта берсек тізім көп .Алайда, адам баласында өз денсаулығына құрметпен қарарлық ниет болмаса бәрі бекер . Қазіргі таңда барлығын сатып аларсың,бірақ денсаулықты емес . Жиырма бірінші ғасыр . Азық – түліктің де , гаджеттердің  де , басқасының да түр түрі бар .Бәрі бірдей табиғи өнімдер деп айта алмаймыз . Кейде алған заттарымыздың зиян екенін біле тұра тұтынатынымыз да өтірік емес .Кейде заман талабы сондай деген секілді сылтаулармен істейтініміз де өтірік емес.Бастапқы бар байлығымыз денсаулық дейтін болсақ , оны сақтауға ешбір сылтау кедергі келтіре қоймас.

«Денсаулық - зор байлық » дейтін халқымыз үшін тән саулығы қашан да маңызды болған . Ол жақсы болу үшін уақытты да , қаражатты да , күш жігерді де аямау керек .Денсаулықты сақтау ,міне дәл осы шағыңнан бастау алатын , кейінгі шаққа ,яғни қартайғанда жүзеге асыратын ісің емес.Денсаулықты барында бағалап , қадіріне жете білуің шарт . Жастық кезіңде қадіріне жете білгенің , салауатты өмір сүруің  деніңнің саулығын сипаттайды.Шыққан биігің , жеткен жетістігің , қаражатыңның қанша екені , достарыңның көптігі  денсаулығың болмаса көк тиын.Өмірдің қызықты сәттерін , рахатын да денің сау болмаса сезіне алуың екіталай.«Дені саудың жаны сау » деген осы .Өкінішке қарай , дер кезінде денсаулықтың қадірін білмей , өзегімізді өкініш өртеп , бармақ тістеп қалатын сәттеріміз де болады. Әсіресе жастарымыздың ішімдік пен темекіге әуестігі мені қынжылтады.Шылымның қаптамасындағы түрлі жағымсыз суреттерге қарамастан көк түтіндетіп жүреді .Шылымды шегудің өзі тек саған емес , сені қоршаған ортаңа, жаныңда жүрген жандарға кері әсерін тигізетіні анық . Кез келген затты сылтауратып , ішімдік ішетіндері тағы бар . Жастар арасында әлі ата-ана атанып үлгермегендер қаншама . Олар өмірге әкелетін ұрпаққа да зияны тимей қоймасы анық.Өзіңді ғана құртып қоймай , артыңнан ерген ұрпақты улап кетерің  сөзсіз .Бәрі біледі.Біле тұра ,істейді .Тек біреу түсінсе , біреу түсінбес . Болашақ бәріміз үшін маңызды болуы шарт.

Салауатты өмір сүру –тыйылу емес .Өзің үшін өзіңе қажеттіні таңдай білу. Сергек  жүру,дұрыс көзқараста болу , өз денсаулығыңды күте білу , өзіңді сыйлап , өзгелерге құрметпен қарау , сені қоршаған жандарға үлгі көрсету салауатты өмір сүруіңнің алғышарттары деп білемін .Салауатты өмір сүре білудің өзі айналаңа үлгі болуға жеткілікті  іс деп ойлаймын.  Ал , өміріңнің ұзақтығы –өз қолыңда , деп айтқым келеді. Салауатты өмір салтын сақтайық, дәріптейік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated