Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы болған қазақ балуаны қайтыс болды

Қазақтың еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында қайтыс болды.

Қазақстандық БАҚ мәліметінше, Қуатбек Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.

«Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек өмірден озды» деп жазады күреске арналған әлеуметтік желіде.
Ақпаратты Қазақстан күрес федерациясының әлеуметтік желілері растады.

Ойын финалында Мұхамбет америкалық Датон Фиксті 7:6 есебімен ұтқае болатын. Ал 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылы Қуатбек өзбекстандық Жахонгирмирза Туробовтан жеңіліп, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated