Жасөспірімдер футболы: «Astana cup» турнирінде 4 мемлекеттің клубтары бас қосты

Футболдан 2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында тұңғыш рет «Astana cup» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

22-25 наурыз күндері аралығында өтетін турнирде кубокты БЖСМ (Астана), «Астана», «Ақсу», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Тараз» және «Спартак»(Ресей), «Бунёдкор» (Өзбекстан), «Дордой» (Қырғызстан) клубтары Қазақстан футбол федерациясының жабық футбол алаңында сарапқа салады.

Астана төрінде тұңғыш рет халықаралық турнирді өткізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстаннан бөлек, Ресейдің ең үздік футбол академиясының бірі саналатын «Спартак» пен «Бунёдкор» клубтарын ерекше атап өтер едім. Алдағы 4-5 жылда бұл жасөспірімдер өсіп, нақты қай бағытқа кететіні белгілі болады. Тек өзіміз ғана емес, шетелдік клубтармен ойнау, шеберлікті арттырады деп сенемін.

Бізбен қатар, дәл қазір Алматыда да «Қайрат», «Зенит»(Ресей), «Пахтакор» (Өзбекстан) командаларының жасөспірімдері жиналды.

Қазіргі сәтте «Қайраттан» бөлек, «Оңтүстік» (Шымкент) командасы да академияға мән беріп жатыр. Оның жарқын көрінісі — кеше ғана ересектер арасында Қазақстан кубогының 1/8 финалына жолдама алды, - деді жарыс ұйымдастырушысы Еркебұлан Жомарт.

Жарыстың финалдық ойындары 25 наурызда өтеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated