Кез келген адамның өмірін түбегейлі өзгеретін іс-әрекеттің бірі және бірегейі спорт екені айдан анық. Осы тұрғыдан алғанда бәріміз спортпен шұғылданып, өмірімізді өзгерткіміз – ақ келеді. Жай құр сөзбен жігіттер қауымы «ой, мынандай денем болса, қыздардың бәрі менікі болар еді» немесе қыз балалар «жаз жақындап келе жатыр, арықтауым керек; ертеңнен бастап дұрыс тамақтанып, таңертең жүгіремін» деп өзін өзі алдап, бірталай уақытты бос өткізіп алады. Бұл еріншектікпен қалай күресіп, қашан спортпен айналысамыз? Қазіргі таңда не көп, ғаламторды ашып қалсаң арықтаудың жолдары, дұрыс тамақтану, спорт залға бармай – ақ үйде жасайтын жаттығу түрлері, тіпті ұялы телефоныңызға жүктеп алып, күндегісін күнде көрсетіп тұратын бағдарламалар,  бар ойыңды өзгертетін мотивациялық бейнелерден көз ашпайсың. Алайда,  осыларды дұрыс пайдаланып, спортты өз өмірінің дағдысына айналдырғандар кем де кем.

Спорттың қай түрімен айналыссаң да жаның рахаттанып, сергіп қалғандай боласың. Алайда, бір досыңыз бокспен айналысса немесе өзге досыңыз күреспен айналысып жүргенін көрсеңіз сіз де оған жабыса кетіп, менде қатысайын деп едім деп өз ыңғайыңызға, қабілетіңізге сәйкес келмейтін спорт түрімен айналысып, тұрақсыздығыңыздыңнәтижесінде өзіңізге кесірін тигізіп алмаңыз. Ойыңызда жүрген, жаныңыз қалайтын, өзіңізді сенімді сезінетін спорт түрімен айналыссаңыз жаңаша көзқарас тіпті өміріңіз күрт өзгеруі әбден мүмкін. Мысалы, өзім сүйіп барған жүзу үйірмесі. Суға сүзгіген кезде ойыңдағышешімі жоқ мәселелерді ұмытып, соңындаөз өзіңді жеңіл әрі жаңа нәтижеге талпынған күйі бүкіл апта бойы шешімін таба алмай жүрген түйінге жаңа қырынан қарап сен ойлағаннан да өзгеше жауап табасың. Бұл спорттың адамға берер пайдасының кішкене бөлігі ғана. Ойлаңыз, спортпен шұғылдану тек дене бітіміңізге, денсаулығыңызға ғана оң әсерін тигізбейді.Сонымен қатар ойыңызға жаңа идеялар тастап, қилыңызға жан бітіріп, күнделікті тұрмыс – тіршілігіңізге, отбасылық өміріңізге, көңіл-күйіңізге жаңа өмір сыйлайды. Қозғалған мәселенің шешімі біреу үшін емес, өзіңіз үшін спортпен айналысыңыз.

Жарайды, мүмкін сіздің қаражатыңыз спорт залға немесе спорттық үйірмеге баруға жеткіліксіз делік. Дегенмен, жоғарыда айтылып кеткендей қазіргі таңда бәрі мүмкін. Мысалы, ештеңе төйлемей баратын жеріңізге жаяу барып қайтыңыз. Күніне 10000-15000 қадам жасағаныңыздың өзі сізге пайдасын тигізеді. Пайдасыз сусындардан арзан тұратын қарапайым суды көп мөлшерде ішіңіз. Зиянды заттарға әуес болмаңыз. Өз бөлмеңізде сізге бұрыннан таныс жаттығуларды жасап тұрыңыз. Медеуге барып, тегін баспалдақпен көтеріліп, таза ауамен демалып, табиғатпен тілдесіп қайтыңыз.

Бұның бәрі сіз ойлағаннан да оп-оңай. Осы қарапайым әрекеттерді өміріңіздің күнделікті дағдысына айналдырсаңыз, салауатты өмір салтын ұстанып жүрмін деп нық айта аласыз. Салауаттылық туралы түсінігіміз толық болғанымен, оны іске асыру қиын немесе еріншектігіміз бізді жеңіп кетеді. Бір сәтте жоқ ол маған керек емес деп таяз ойланбай, біздің денсаулығымыз ол біздің болашақ ұрпағымыздың денсаулығы деп қарайтын болсақ, бәрі басқаша болады. Жастар жылына байланысты қазір көптеген спорттық байқаулар, эстафеталар жүргізіліп жатыр. Тереңнен ойлап қарасақ, бұның бәрі дәл қазіргі қоғамда жас балалардың жазылмас дертке шалдығуынан және болашақ біздердікі болғандықтан жаман аурулардың алдын алу, дені сау ұлт қалыптастыру біздің қолымызда екенін түсіндіру. Сондықтан, қазір, дәл қазір қозғалысты өзіңнен бастап, жаныңдағы жандарға нұрыңды шашып, өзіңде болып жатқан өзгерістерді  көрсете отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ниеттерін аш. Себебі, сен де, ол да салауаттылық-денсаулық кепілі екенін түсіну қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated