2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, бұл жайт "Қызылағаш оқиғасы" деп аталды.

Ресми мәлімет бойынша 45 адам қайтыс болған.

Бейбіт ауылдың өмірі бір түнде шайқалды. Биіктігі бес метрден асатын суық су үйлердің астан-кестеңін шығарып, жануарлар да, тұрғындар да топан сумен ағып кетті. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, су тасқынынан кейін төрт айдың ішінде 460-тан аса үй жаңадан салынып, 30 үй жөнделген.

Қызылағаш су қоймасы 18 минутта өз жолындағының барлығын шайып кеткен.

Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзыл, пойыз қозғалысы тоқтатылды. Қызылағашта бұзылмаған тек 122 үй қалған.

Алматы облыстық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің "Қызмет бабындағы әрекетсіздік" бабы бойынша іс қозғалып, Қызылағаш ауылдық округінің сол кездегі әкімі Есет Жүнісов, су қоймасының басшысы "Шынар" ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер тұтқынға алынды.

Бұл күн облыс мәслихатының шешімімен "Азалы күн" деп жарияланды.

Қызылағашқа сол жылы 15 наурызда 90-нан аса отбасы қайта келді. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 миллион теңге бөлген болатын. Оның көбі материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспана салуға жұмсалған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated