Интерфакс басылымының дерегінше, соңғы тәулік ішінде аталған вирустан 24 адам көз жұмды.

Олардың барлығы коронавирус тарала бастаған Ухань әкімшілік орталығында қайтыс болған.Қатерлі вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген.

"Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер короновирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.

Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнар көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтапты.

Жалпы, дүйсенбіге қараған түні Аспан асты елінде "өлім вирусын" жұқтырған 2 794 жағдай тіркелген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated