Интерфакс басылымының дерегінше, соңғы тәулік ішінде аталған вирустан 24 адам көз жұмды.
"Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер короновирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.
Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнар көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтапты.
Жалпы, дүйсенбіге қараған түні Аспан асты елінде "өлім вирусын" жұқтырған 2 794 жағдай тіркелген.